Медицина • 30 Тамыз, 2022

Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны артты

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың 4 айында бейінді мамандар 97 млрд теңгені құрайтын 54,6 млн консультация мен диагностикалық зерттеулер қызметін көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны артты

МӘМС жүйесін енгізу меди­циналық көмекті қаржы­лан­дыру көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 2 трлн-нан астам теңге бағытталды. Бұл ретте биыл медициналық кө­мекті сатып алу жоспарын­да амбулаториялық-емханалық жағ­дайдағы консультациялық-диаг­ностикалық қызметтерге қар­жыландыруды өткен жылғы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

4 айда бейінді мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулері 97 млрд теңге сомасына көрсетілді. Оның ішінде қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша 510 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

«Пациенттердің консульта­циялық-диагностикалық қызмет­терді алу кезіндегі мәселесі – бейінді мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдау­ға жіберу ұзақтығы. Жоспарлы медициналық көмек пациент­тің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезін­де көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуге тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақ­тандыру қорымен шарт жасай отырып, медициналық қыз­меттерді көрсететіндер толық көлемде тиесілі көмекті ұсы­нуға міндеттеме алады және бұл көмектің қолжетімділігі мен сапасы жауапты болады», деді Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының Медицина­лық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманова.

Егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол қордың басқа да қызмет көр­сетушілері қатарынан бірлесіп орын­даушыны тартуға міндетті. Бү­гінгі таңда базада 2 мыңнан ас­там­ әлеуетті орындаушылар бар.

Қаржыландырудың айтар­лықтай өсуі есебінен жүйеге жаңа медициналық қызмет көр­сету­шілердің келуі қамтамасыз етіледі. Қормен шарт жасасқан 1 426 медициналық ұйымның 744-і (52%) – жекеменшік ныса­нындағы клиникалар.