Елорда • 30 Тамыз, 2022

Елорда әкімі Конституция күнімен құттықтады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі Конституция күнімен құттықтады

«Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі. Конституция мемлекетіміздің іргесін құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде бекітті.

Негізгі заң қабылданған күннен бастап елімізде халықтың әл-ауқатын жақсартатын маңызды реформалар өткізілді. 5 маусым күні еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер азаматтардың мүддесін, құқығын және бостандығын қамтамасыз ететінін, «әлеуметтік әділеттілік – басты құндылық және жаңа қоғамдық келісімнің тірегі» екенін атап өтті.

Конституция күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.