Қоғам • 31 Тамыз, 2022

Шетелде есірткі сатқан қазақстандық ұсталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың қыркүйегінде Қырғызстан Республикасындағы Шу облысының аумағында екі күдікті ұсталды. Олардан жалпы салмағы 10 келі болатын гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелде есірткі сатқан қазақстандық ұсталды

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтады. Ол аталған есірткі жүктерін Талас облысының Қазақстанмен шекаралас аумағында алуға тиіс еді. Әрі қарай тауар контрабандалық жолмен өткізіліп, Қазақстан аумағында тарау керек болған.

«Қылмыстық іс аясында, 2022 жылғы 28 тамызда ҚР Мемлекеттік шекарасын «Чон-Капка автодорожный» БӨП кесіп өткен кезде К.Е.Б. азамат ұсталып, одан әрі жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу үшін ҚР ҰҚКҰ тергеу изоляторларының УҰИ-ға қамауға алынды», делінген Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті таратқан хабарламада.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары екі елде де жүргізіліп жатыр.