Экономика • 31 Тамыз, 2022

Доллар қымбаттады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Доллар қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге көтеріліп, 472,21 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-31 тамыздағы ресми бағамы  - 1 доллар үшін 468,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 471,78 теңге, сату – 476,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алынып, 472,11 теңгеден сатылуда.