Әлем • 31 Тамыз, 2022

Женевада Сирия бойынша кездесу өтті

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Құрама Штаттары шақырған Сириядағы жағдайға арналған төртінші жиын Женевада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Женевада Сирия бойынша кездесу өтті

Сирияға қатысты жиын БҰҰ-ның штаб-пәтерінде 13 елдің өкілдерінің қатысуымен өткізілді. 

Кездесуге АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Сирия, Иордания және Ливан бойынша орынбасары Этан Голдрих төрағалық етті. 

Катар Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, аймақтық істер министрінің орынбасары Мұхаммед бин Абдулазиз Сирия халқының 10 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан қасіретін тоқтатуға бел байлағанын білдірді. 

Ол Брюссельде өткен Сирия бойынша үшінші отырыста ілгерілеушілік болмағанын атап өтті. 

Германияның Сирия жөніндегі өкілі Стефан Шнек осы араб еліндегі гуманитарлық жағдайдың нашарлауына қарамастан Сириядағы дағдарыстың саяси реттелуі үшін күш салуға ниетті екенін айтты. 

Кездесуге қатысатын елдер туралы ақпарат түскен жоқ.