Елорда • 31 Тамыз, 2022

Елордалық бүлдіршіндер «Саржайлау» этноауылына саяхаттады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар жылы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында елорданың ҚХА Аналар кеңесі «SOS Балалар ауылына» балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық бүлдіршіндер «Саржайлау» этноауылына саяхаттады

Іс-шара барысында балалар «Саржайлау» этноауылына саяхаттап, онда қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен және дәстүрлерімен танысып, ата-бабаларымыз өркениетінің этномәдени ортасына көз сүзіп, ауыл тұрмысын тамашалады. Балаларға «Тілашар» ұлттық дәстүрі ұсынылды, еліміздің Негізгі Заңы туралы ақпарат берілді, мерекелік дастархан жайылды.

Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақсақалдар бата беріп, әжелер шашу шашты. Ал «Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығы балаларға ән мен күй орындады.

Аналар кеңесінің мүшесі Тұрар Шәкен «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің атынан балаларға сыйлықтар табыс етті.

«Балалар – еліміздің болашағы. «Тілашар» мерекесі арқылы біз балаларғды оқуға, қоршаған әлемді тануға деген ынтасын оятамыз», деді Тұрар Шәкен.

«Аналар кеңесінің қызметі әр түрлі және маңызды, ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған», деп атап өтті Астана ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова.