Әлем • 02 Қыркүйек, 2022

Екі бесжылдықтан – бір жетіжылдық мерзімге

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі қиын геосаяси жағ­дайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс президенттік сайлау мен 2023 жылдың бірінші жартысында парламенттік сайлау өткізуді ұсынды.

Екі бесжылдықтан – бір жетіжылдық мерзімге

Бейсенбіде Парламентте сөйлеген сөзінде Қ.Тоқаев президенттік билік қазіргі екі бес-жылдық мерзімнен бір жетіжылдық мерзімге қысқартылатынын мәлімдеді. «Мен кезектен тыс президенттік сайлауды 2022 жылдың күзінде өткізуді ұсынамын», деді Қ.Тоқаев. Қазақстанда президент сайлауы 2024 жылы, ал парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс еді.

Бұрынғы кеңестік республика Қазақстан Ресей бастаған Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі ретінде Ресеймен жақсы қарым-қатынаста. Ресей Украинаға басып кіргенде Қазақстан бейтарап көзқарас білдірді. Бұл ел экономикалық байланыстары берік Ресейге қарсы Батыстың санкция­ларына жанама соққы бермеуге күш салуда. Сондай-ақ Қазақстан Ресей тарапынан кедергілерге тап болса да, ЕО-ға мұнай экспортын ұлғайтқысы келеді.