Әлем • 02 Қыркүйек, 2022

Әуежайдан қолтырауын алып өтпекші болған жолаушы ұсталды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент әуежайында жолаушы 57 қолтырауынды алып өтпек болған, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның Экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдан қолтырауын алып өтпекші болған жолаушы ұсталды

30 тамызда М. есімді азамат Каирден (Мысыр) Ташкентке ұшып, Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонған. Ол 57 кіші қолтырауынды алып келген. Болжам бойынша, олар - Ніл қолтырауыны Crocodylus niloticus. Алайда ер адамның тиісті рұқсаттары болмаған.

Контрабандист кішкентай қолтырауындарды көкөністер мен жемістермен жауып, контейнерлерге орналастырған. Оны сканерден жасыру үшін фольгаға орап қойған.

Экология жөніндегі мемлекеттік комитет пен «Ташкент-АЭРО» шекаралық ветеринарлық бекетінің қызметкерлері қолтырауынның төлдерін уақытша сақтау үшін Ташкент зообағына тапсырды.