Ауа райы • 02 Қыркүйек, 2022

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3, 4 және 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.

«Еліміздің оңтүстік жартысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:

  • батыста түнде +10+18-ден +8+16 градусқа дейін, күндіз +23+31-ден +17+25 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста түнде +15+23-10+18 градус, күндіз +27+35-тен +21+28 градусқа дейін;
  • республиканың солтүстігінде +15+23-тен 8+16°С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25 градусқа дейін;
  • республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22 градус, күндіз +30+38 градус.

Температура жоғары болатын өңірлер:

  • шығыста түнде +4+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +22+27-ден +30+38 градусқа дейін;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі температуралық фон түнде +15+25 градус, күндіз +30+40 градус.