АСТАНА. 13 мамыр. Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысы ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін ұлғайту қажет деп есептейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Комитет тарапынан айтылғандай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты өзгерістер жол-көлік оқиғалары мен одан жапа шегетіндердің санын кемітеді әрі жүргізушілердің құқықтық білімін көтереді.
Ведомствоның келтірген дерегіне сүйене сөйлесек, 2012-2013 жылдар аралығында елімізде жол ережелерінің бұзылуы күрт өскен. Осыдан келіп, жол апатынан қайтыс болғандар мен жәбір көргендер саны артқан. 2013 жылдың өзінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары көмегімен тіркеуге алынған жол ережелерін бұзу жағдайлары шамамен 90 пайызға, оқиғалар 65 пайызға, одан жарақат алғандар 71 пайызға көбейген.
Мұндай келеңсіздіктердің 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болса, 600-ге жуық оқиға спирттік ішімдік ішкен азаматтардың кесірінен, әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы талап етілген жылдамдық мөлшері сақталмағаннан орын алған. Сондай-ақ, өткен жылы барлық жол апатының 30 пайыздан астамы қарсы бағытқа шығып кетуден болған.
Енді, жүргізуші жолдың қарсы бағытына өтіп кетсе және жол полициясының автокөлікті тоқтату жөніндегі заңды талабын орындамаса, онда ол жүргізушілік куәлігінен айырылады. Ал жаңа заңнамаға сәйкес, айыппұлдар 1,5-2 есеге, тіпті кейбір бап бойынша 3 есеге дейін көтерілгені белгілі.
Айыппұлдардың көлемін белгілеу кезінде жол апаттары аз болатын елдердің тәжірибесі ескеріліпті. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, жол ережесін сақтамағандар үшін жоғары айыппұл Финляндия мен Швейцарияда салынады екен. Бұл мемлекеттерде айыппұл көлеміне шек қойылмаған. Өйткені, кінәлі жүргізуші қанша айыпақы төлейтіні оның жылдық кірісіне байланысты екен. Финляндияда жылдамдықты сақтамағандар үшін салынатын ең аз айыппұл бір жарым мың евроны құрайды (379 мың теңге), бағдаршамда "қызыл" жанып тұрғанда жүргені үшін 90 евро (шамамен 23 мың теңге), ал қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 135 евро (34 мың теңге) төлейді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: mediaovd.kz.
• 13 Мамыр, 2014
Айыппұл көлемін көбейту жол апаттарының азаюына септігін тигізеді

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45