Өңір басшысы эвакуацияланған адамдардың жай-күйін және орналасқан жерлердегі жағдайды тексерді. Ол табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін жеткізді.
«Шығын есептеліп, әрбір отбасыға көмек көрсетіледі», деді Архимед Мұхамбетов.
Қазіргі уақытта өрттен Аманқарағай, Калинин, Лесное, Озерное ауылдарынан барлығы 1841 адам эвакуацияланған.