Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022

Төтенше жағдай министрі Қостанайдағы ахуалды баяндады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті жайлы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай министрі Қостанайдағы ахуалды баяндады

«Орман шаруашылығына тиесілі 106 мың гектар орман қорының  43 мың гектар аумағын өрт шалды. 8 жерде өрт әлі де лаулап тұр. Бұл учаскелерде өрттің өршіп кету қауіпі бар.  Жалынның елді мекендердегі тұрғын үйлерге таралуын болдырмау үшін үш жауынгерлік учаске құрылды. Орман алқабындағы өртті сөндіру үшін қосымша әуеден су төгетін қондырғымен жабдықталған тікұшақтар тартылады. Қазіргі уақытта үш әуе кемесі өртті сөндіруге көмектесіп жатыр», деді министр.

Сондай-ақ ол өрттен 1 адам қаза тапқанын мәлімдеді.