Қоғам • 04 Қыркүйек, 2022

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері өрт болып жатқан аймаққа барды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері орман өрті болып жатқан Қостанай облысының Әулиекөл ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері өрт болып жатқан аймаққа барды

Бас мүфти Әулиекөл ауылының тұрғындарымен, өңір имамдарымен, мешіт жамағатымен бірге тілсіз жауды ауыздықтауға көмектесті. Өрт сөндірушілермен кездесіп, игі жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Бас мүфти және дін қызметкерлері Алладан табиғи апаттың тез тоқтауын тілеп, арнайы дұға жасады.