Әлем • 05 Қыркүйек, 2022

Тынық мұхитына жолаушылар ұшағы құлады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Уидби аралының батысында орналасқан Мутини шығанағында жолаушылар ұшағы теңізге құлап кетті. Бұл жайында РБК сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тынық мұхитына жолаушылар ұшағы құлады

Ұшақ апаты болған орында іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған сегізден астам кеме жұмылдырылды.

Ұшақ Фрейдей Харбор қаласынан Сиэттл халықаралық әуежайына ұшқан еді. Бортта сегіз ересек адам және бір бала болған. Құтқарушылар бір марқұмның денесін тапты, ал қалғандары хабар-ошарсыз.

Flightradar ұшуды бақылау қызметі апатқа ұшыраған Havilland Canada DHC-3 ұшағы соңғы рет Мәскеу уақытымен 01:08-де байланысқа шыққанын мәлім етті.