Бұған дейін ол «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Бақытжан Орынбеков 1971 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.
Білімі, мамандығы, лицензиялары:
- М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2016). «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы, инженер-механик», «Техника және технологиялар, тау-кен ісі» мамандығы.
Еңбек өтілі:
- «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті (2000-2004);
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары басқармасы» ММ басқарма бастығы (2004-2005);
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ департамент директоры (2005-2008);
- «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ басқарма бастығы (2008-2011);
- «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы (2011-2015);
- «Волковгеология» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2015-2016);
- ҚР ҚАӨМ ММР «Резерв» ПВХ-дағы РПГ бас директорының орынбасары (2016-2017);
- Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (2017-2018);
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Өндірістік департаментінің директоры (2018-2019);
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы (2019-09.2021);
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ міндетін атқарушы, басқарма төрағасы, жобаларды басқару жөніндегі бас директоры (15.09.2021 ж.бастап).
Сондай-ақ Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.