Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға психологиялық көмек көрсетіледі

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Психологтар одағының төрағасы Гүлзат Асанова адам құқықтары жөніндегі уәкілге Одақ мамандарының Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға онлайн форматта психологиялық көмек көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға психологиялық көмек көрсетіледі

«Бірнеше күн өткеннен кейін, күйзеліс жағдайы өткенде, психологиялық қолдауға деген қажеттілік барынша сұранысқа ие болады. Осыған байланысты Одақ психологтары зардап шеккендерді психологиялық қолдау және мамандар үшін супервизия (кеңес беру) бойынша өтеусіз акция өткізу туралы шешім қабылдады», деді Гүлзат Асанова.

Еске сала кетейік, аталған ұйым мұндай акцияны қаңтардағы төтенше жағдай кезінде де өткізген болатын.