Әлем • 05 Қыркүйек, 2022

Үндістандық миллиардер жол апатынан көз жұмды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның ең танымал кәсіпкер отбасының мұрагері, миллиардер Сайрус Мистри жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV сайтына сілтеме жасап.

Үндістандық миллиардер жол апатынан көз жұмды

Оқиға Үндістанның Ахмедабад қаласынан Мумбайға бара жатқан кезде болған.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға жүргізушінің басқа көлікті басып озуға әрекеттеніп жылдамдықты асырып кетуі себеп болған. Содан кейін ол көпірден өтіп бара жатып, көлікті басқара алмай, қоршауға соғылған.

Көлікте төрт адам болған, олардың екеуі оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Полиция оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Мистридің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Ол оны Үндістанның экономикалық күшіне сенетін болашағы зор бизнес көшбасшысы деп атады.

«Оның өлімі сауда мен өнеркәсіп үшін үлкен шығын», деп жазды премьер-министр твиттерде.

Айта кетейік, 2012 жылдан 2016 жылға дейін Мистри Үндістандағы ең ірі компаниялардың бірі Tata Group трансұлттық конгломерат компаниясының төрағасы болды.