Оқиға • 05 Қыркүйек, 2022

Латвияда жеке ұшақ апатқа ұшырады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні кешке Латвия жағалауында жекеменшік Cessna ұшағы теңізге құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Латвияда жеке ұшақ апатқа ұшырады

Бұған дейін түсініксіз бағытта ұшып бара жатқан әуе көлігінің жай-жапсарын анықтау үшін НАТО өз  ұшақтарын да көкке көтерген еді. 

FlightRadar24 хабарлауынша, Аустрияда тіркелген Cessna 551 ұшағы Испанияның оңтүстігіндегі Херес қаласының белгісіз нүктесінен әуе кеңістігіне көтерілген. 

Ұшақ Париж бен Кельн маңында екі рет бағытын өзгерткен. Екінші мәрте Швецияның Готланд аралының жанынан Балтық теңізінің үстінен ұшып өткен. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:37-де  ұшақ радардан жоғалып кеткен. 

Неміс және Данияның әскери ұшақтары өздерінің әуе кеңістігінен өтіп бара жатқан Cessna-ны бақылау кезінде онымен байланыс орната алмаған. 

Немістің Bild газеті ұшақта барлығы 4 адам болған деген болжам айтып отыр. 

Латвияның өтініші бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Литва әуе күштерінің тікұшағы апат орнына жіберілді. Ал Латвия тарапы апат орнына кемелерін жіберді.