«5 қыркүйекте Кабул уақыты бойынша таңғы сағат 10:50-де Ресейдің Кабулдағы елшілігінің консулдық бөліміне кіреберіске жақын жерде белгісіз содыр жарылғыш затты іске қосқан. Шабуыл салдарынан дипломатиялық миссияның екі қызметкері қаза тапты, зардап шеккендер арасында Ауғанстан азаматтары да бар. Елшілік тергеу жүргізіп жатқан Ауғанстанның қауіпсіздік қызметімен тығыз байланыста», делінген Ресейдің СІМ таратқан хабарламада.
Ал ауғандық БАҚ теракт кезінде барлығы 20 адам қаза тапқанын жазып жатыр.