Медицина • 05 Қыркүйек, 2022

Гибридтік нейрохирургияның мүмкіндігі зор

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында миға, омыртқаға және басқа ағзаларға биплан ангиографиялық кешеннің көмегімен гибридтік операциялар жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гибридтік нейрохирургияның мүмкіндігі зор

Биплан жүйесін қолдану – эндоваскулярлық нейрохирургияның «алтын стандарты». Биплан ангиографиялық кешеннің инновациялық жүйесі жоғары технологиялық операциялардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, операцияларды жасау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Медициналық орталық ауруханасының операциялық бөлмелері заманауи үрдістерге сүйене отырып гибридтік операциялар үшін ыңғайлы ұйымдастырылған – эндоваскулярлық және ашық операциялар немесе олардың бірлескен түрлерін жасауға мүмкіндік бар.

Бұл тәсілдің бірегейлігі – гибридтік операциялық бөлмеде әртүрлі жабдықтың болуы. Бұл тәсіл ми ісіктері, аневризма, эпилепсия, Паркинсон ауруы, диск жарығы, омыртқа ойнамасы және басқа да ауруларды емдеуде ми мен жұлынға жасалатын операциялардың тиімділігі мен ыңғайлылығын арттырады. Идеяның мақсаты тек өткізу қабілеттілігін арттыру ғана емес, сонымен қатар бір операциялық бөлме ішінде бірнеше жабдықты біріктіру перспективасы.

Бұл жабдық тек зерттеуге арналған аппарат қана емес, бұл тұтас медициналық кешен. Оның көмегімен жүрекке және аяқ-қол тамырларына эндоваскулярлық және гибридтік операциялар жүргізіледі.

«Бірнеше кезеңде жасалатын операцияларды біз бір кезеңде жасаймыз. Яғни екінші операцияны күтудің керегі жоқ, мұндай жағдайларда пациенттер үшін уақытты үнемдеу өте маңызды. Гибридтік операциялардың арқасында пациент операциялық бөлмеде, тиісінше наркозда аз жатады, сондай-ақ ағзаның қантамырларын диагностикалау және визуализациялау кезінде пайдаланылатын контрасты зат пен рентгеннің теріс әсер етуі де болмайды», деп бөлісті ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасының  хирургиялық қызмет басшысы Берік Қайкенов.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының заманауи жабдықталған операциялық бөлмелері, нейрохирургтердің жоғары біліктілігі кез келген күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Аурухананың операциялық блогы 11 операциялық залмен жабдықталған. Олардың бірінде операциялар биплан ангиографиялық кешен жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылып келеді. 2022 жылдың сегіз айында нейрохирургиялық, кардиохирургиялық және ангиохирургиялық бейіндерде жоспарлы жүйені пайдалана отырып, 175 ота жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025