Тағайындау • 05 Қыркүйек, 2022

Теміртау қаласының әкімі тағайындалды

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ораз Таурбеков Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Теміртау қаласының әкімі тағайындалды

Ораз Қасейінұлы Таурбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 

1998 жылы Қарағанды қаласы бойынша салық комитеті басшысы. 

ҚР Көлік, коммуникация және туризм министрлігінің «Казмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме компаниясы басқармасының төрағасы қызметтерінде болған. 

2001-2002 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаментін, 2002 жылы Астана қаласында басшылық қызметтерде болды. 

Сондай-ақ 6 жылдан астам ірі коммерциялық құрылымдарда басқарушы лауазымдарда болған. 

2011 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, 2013-2017 жылдары Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, ал 2017-2019 жылдары облыстың Экономика басқармасы басшысы қызметтерін атқарды.

2019-2022 жылдары Балқаш қаласының әкімі болған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024