Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Шымкентте заңсыз мазут сатқандар анықталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 1,1 миллиард теңгеден асатын 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сатқандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте заңсыз мазут сатқандар анықталды

ҚМА мәліметінше, екі кәсіпкер мазутты белгісіз біреулерден сатып алып, кейін оның шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз әртүрлі компанияларға заңсыз сатқан.

«Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.