Оқиға • 06 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үй салына бастады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккендерге үй салына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үй салына бастады

«Облыс орталығына адамдарды көшіру туралы Үкімет қаулысы бар. Біз 2,5 ай ішінде сапалы үйлер салып, халықты қоныстандыруымыз керек», деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сондай-ақ мердігерді таңдау үшін ешқандай тендер өткізілмегені айтылды.

«Бұл төтенше жағдай, мұнда байқаулар жоқ. Байқау өткізсеңіз, ол бірнеше айға созылады. Уақыт жоқ. Ең бастысы берілген 2,5 айда 100 шаршы метр сапалы үйлер салу қажет. Сондықтан мұнда ірі компаниялар жұмыс істейді», деп түсіндірді әкімнің орынбасары.