Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Жанармай құю станциялары бақылауға алынады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет басшысы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жанармай құю станциялары бақылауға алынады

Әлихан Смайылов жанармайдың мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлердегі сақтау орындары мен жанармай құю станцияларына дейінгі оңтайлы логистикасын қамтамасыз етуді, егін егу және жинау науқаны кезінде жанар-жағармай тасымалдау үшін теміржол тарифтерін төмендету мәселесін қарауды, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне және мұнай өнімдерінің сыртқа тасымалдануына жол бермеу үшін мұнай базалары мен ұсақ жанармай құю станцияларына бақылау жасау жөніндегі өңірлік комиссиялар құруды тапсырды.

Премьер-Министр өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша жергілікті жерлерде бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесін алдын ала пысықтауды және қатты отынды шалғай аудандарға жоспарлы түрде жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдау керегін айтты.