Байқауға қатысушылар белгілі авторлардың өлеңдерін оқу, монолог құрастыру және музыкалық композицияларды жаңғырту бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасы қатысушыларды дауыс мәнері, таңдалған шығарманың күрделілігі және музыкалық аспапты меңгеру шеберлігі негізінде бағалады. Шығармашылық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықтар алды.
Өткен конкурстың мақсаты - қазақстандық жазушылардың көркем әдебиеті мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық бірлікті нығайту және патриотизмге тәрбиелеу.
Байқауға қатысушылар мен көрермендер мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және Қазақстанмен мәдени байланыстарды сақтау үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңызы зор екенін атап өтті.
«Іс-шара ана тіліне деген қызығушылықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал отандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын зерделеу ниетін тудырды», деді Эстониядағы «Атамекен» қазақ қоғамының жетекшісі Айдынай Бұхарбаева.