Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлем музыкасы» жобасы аясында «The most nationalities in an orchestra» атты концерттік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда Гиннестің жаңа рекорды тіркелді

Мәдени іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты. 

«Алдағы Съезд саны жағынан ғана емес, қатысатын дін лидерлерінің мәртебесі мен деңгейі жағынан да тарихи іс-шара болмақ. Форумға қатысу үшін әлемнің 50-ден астам елінен 100-ден астам делегация келеді. Съезде бейбітшілікті қамтамасыз етуге, диалог пен ынтымақтастық идеологиясын ілгерілетуге қатысты мәселелер талқыланады. Қазір әлемде саяси дағдарыс орын алып отыр. Көшбасшылардың келіссөздер жүргізуі және ымыраға келуі қиын мәселеге айналды. Осындай жағдайда рухани көшбасшылардың бірлесіп жұмыс істеуге және әлемнің әр түкпіріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге деген ұмтылысын айрықша атап өткен жөн», деді Мәулен Әшімбаев өз сөзінде.

н

Айта кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне орай ұйымдастырылған іс-шарада «Ең көпұлтты оркестр» аталымы бойынша жаңа әлемдік рекорд тіркелді. Жаңа рекорд Гиннес кітабына енгізілді.

Сенат Төрағасы іс-шараны ұйымдастырушылар мен музыканттарды жаңа рекордтың тіркелуімен құттықтады.

«Мәдениет пен өнер ұлтына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан адамдарды біріктіруші күшке ие. Бүгін біз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Рекордтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында тіркелуі де айрықша мәнге ие. Бұл – біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін, әсіресе, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде маңызды оқиға. Жаңа жобаның түпкі мақсаты VII Съездің идеологиялық бағытымен толық үндеседі. Ол – диалог, ынтымақтастық және әлемдегі қазіргі өзекті проблемаларды бірлесіп шешу сияқты басымдықтар», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Айта кетсек, Гиннес кітабына енген «ең көпұлтты оркестрдің» құрамында 75 этностың өкілдері бар. Олардың барлығы республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары атанған.

,

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше