Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Түркістан қалалық соты қала әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз бен сол бөлімнің бас маман-бухгалтері Салтанат Матибаеваға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

Сот үкімі бойынша Н.Жаманкөзге 73,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, ал С.Матибаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Айыпталушылар Түркістан қаласының Отырар шағынауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті таратқан хабарламада.

С.Матибаеваға қатысты сот үкімнің орындалуы ҚР ҚК 74 - бабына сәйкес, кәмелет жасына толмаған балаларының болуына байланысты 5 жылға дейін кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25