Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Қыркүйек, 2022

Жалпықазақстандық диктант өтті

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық диктант өтті Egemen.kz.

Жалпықазақстандық диктант өтті

Оған этномәдени бірлестіктер, студент жастар, «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының мүшелері, этнолингвистикалық мектептердің директорлары, зейнеткерлер, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер қатысты. 

Сонымен қатар диктант елорда колледждерінде және «Руханият» орталығының тыңдаушылары арасында ұйымдастырылды. Диктантқа 3000-ға жуық адам қатысты.

Аталған іс-шара тіл мәдениетінің деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, жастар арасында патриотизмге тәрбиелеу және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында өткізіледі.

Елордалық «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Мұханзаева жыл сайын жалпықазақстандық диктантқа қатысады. 

- Соңғы жылдары біздің дүнген орталығы мемлекеттік тілде диктант жазуға қатысып келеді. Біз өз білімімізді қуана тексереміз, өйткені біздің республикамыздың барлық азаматтары тілді білуі және онда жазуы тиіс деп есептейміз, сол арқылы жастарға үлгі көрсетеміз. Диктант жазу сияқты тәжірибе өз біліміңізді тексеріп қана қоймай, көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетсек, диктант өткізуге «Руханият» орталығы» КММ оқытушылары әдістемелік көмек көрсеткен.