Хоккей • 08 Қыркүйек, 2022

«Барыс» «Витяздан» ұтылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» Подольскінің «Витязымен» сырт алаңда ойнады. ҚХЛ маусымы басталғаннан бері қазақстандық хоккейшілер үшінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» «Витяздан» ұтылды

«Барыс» үшінші матчта «Витязға» 0:5 есебімен есе жіберді.

Бұл жолы Юрий Сергиенко мен Владислав Семиннің орнына ресми кездесулерде жақында ғана дебют жасаған Егор Шалапов пен Максим Минеев мұз алаңға шықты. Алғашқы минуттардан бастап қақпада Никита Бояркин пайда болды.

«Бастапқы кезеңде қазақстандықтардың қақпаға шайба соғуға мүмкіндігі болған. Алайда алаң иелері басымдық танытты. Екінші кезең өзгеріссіз өтсе де, үзіліске 23 секунд қалғанда Скотт Уилсон шайбаны өткір бұрыштан лақтырып, гол соқты. Соңғы үшінші кезеңде Степан Старков, Владислав Кара және Джереми Рой жақсы өнер көрсетті. Ал Андрей Скабелканың шәкірттері қарсыластың қақпасын аша алмады», делінген хабарламада.

9 қыркүйекте «Барыс» «Сочимен» кездесуде маусымның алғашқы көшпелі сериясын жабады.