Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Алматы мешітінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мешітінде  ұялы телефонды қолды қылған күдікті қолға түсті. Оның ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы мешітінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Бұл іспен Әуезов ауданының полицейлері айналысқан.

Нәтижесінде, тұрғылықты жері жоқ 42 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. В. есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түскен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол қаладағы мешіттердің бірінде намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын еденге қойған. Біраз уақыттан кейін телефонының жоқ болып кеткенін байқаған ол полицияға жүгінген.

«Күдікті сол күні ұсталды. Тінту кезінде ұрланған гаджет табылды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармай, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінгенін айтады. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.