Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бәсеке артады

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бәсеке артады

Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Өзгерістер енгізіген құжат қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қазіргі заманғы нормативтік база қалыптастыруды көздейді. Атап айтқанда, жаңа нормалар агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі жаңғыртуға және цифрландыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, биоэтанолды пайдалану саласын кеңейтуге және осы бағыттағы басқа да мәселелерді оң шешуге бағытталған.

Жиында сенаторлар ҚР Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бірлескен комиссияның құрамына Сенат депутаттарын сайлау туралы мәселені қарады. Талқылау нәтижесінде сенаторлар Владимир Волков, Ақылбек Күрішбаев, Ақмарал Әлназарова және Ерік Сұлтанов комиссия құрамына сайланды.