Елорда • 08 Қыркүйек, 2022

Елордада жас гимнасттардың чемпионаты басталды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ASPAN спорт кешенінде көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен балалар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада жас гимнасттардың чемпионаты басталды

Қалалық спорт басқармасы мен көркем гимнастика федерациясы ашық чемпионатты жыл сайын өткізіп келеді.

Биыл бұл жарысқа 215 спортшы қатысып жатыр. Ашық чемпионатқа өзге қалалардан келген спортшылар да қатыса алады. Осы жылы турнирге Қарағанды мен Жамбыл облыстарының жас өрендері келді.

Жарыстың бірінші күнінде жеке бағдарламада бас жүлдені «Изумруд» мектебінің спортшысы София Герцен ұтып алса, екінші орынды Томирис Айбекова, үшінші орынды Сара Аушахманова жеңіп алды.

Топтық сайыста бірінші орынды Тараздың қыздары жеңіп алса, екінші орынға «Жемчужина» мектебінің спортшылары жайғасты.

Айта кетсек, чемпионат 9 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.