Әлем • 09 Қыркүйек, 2022

Хоккайдода апатқа ұшыраған кеме жолаушыларының мәйіті табылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Хоккайдода апатқа ұшыраған кеме жолаушыларының мәйітін Жапонияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккайдода апатқа ұшыраған кеме жолаушыларының мәйіті табылды

«NHK» Жапон телерадиотарату корпорациясының мәліметінше, Хоккайдодағы Ширетоко түбегінде экскурсиялық кемемен бірге батып кеткен үш адамның мәйіті Ресейдегі Курил аралдарының оңтүстігінен табылған. Бүгін Ресей оларды Сахалин портына тапсырды. Қаза тапқандардың мәйіттерін Жапония жағалау күзеті инспекциялық кемесі алып кетті. Ертең олар Жапонияның Отару портына жетеді деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, 23 сәуірде Хоккайдодағы Ширетоко түбегінің маңында 26 адам мінген экскурсиялық кеме жоғалып кетті. Кейінірек кеменің суға кеткені хабарланып, 14 адамның қаза тапқаны расталды.

 

Ғылымнұр КӘДІРБАЙ