Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік пайда болады

241 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігі туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік пайда болады

Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, оның мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен отандық шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын дамыту және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Экспорттық-кредиттік агенттіктің міндеттеріне мыналар кіреді:

  • отандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар жасасатын экспорттық мәмілелерді ерікті сақтандыру арқылы шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ынталандыру;
  • отандық экспорттаушыларды және олардың шикізаттық емес тауарларын сатып алатын шетелдік сатып алушыларды қаржыландыру кезінде Екінші деңгейдегі банктердің және қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Даму Банкінің, өнеркәсіпті дамыту қорының тәуекелдерін сақтандыру арқылы экспортты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • отандық экспорттаушыларды қаржылық қолдауды кеңейту үшін ерікті сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерді қазақстандық және шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзге де экспорттық-кредиттік агенттіктерге қабылдап, қайта сақтандыруға беру;
  • отандық экспорттаушыларға, сондай-ақ олардың мүдделерінде импорттаушыларға немесе қаржы ұйымдарына, шетелдік контрагенттерге, шикізаттық емес тауарлардың тапсырыс берушілеріне экспорттық мәмілелер бойынша кепілдіктер беру;
  • экспорт алдындағы және экспорттық саудалық қаржыландыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктерде, қаржы институттарында шартты түрде ақша орналастыру арқылы шикізаттық емес тауарлардың экспортын ынталандыру;
  • инвестициялау елінің аумағында инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын ҚР резиденттерінің инвестицияларын сақтандыру;
  • отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шикізаттық емес тауарларды экспортқа жылжытуда оларға сервистік-ақпараттық қолдау көрсету;
  • республика экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысу және басқа да міндеттер.

Бұл ретте экспорттық-кредиттік агенттіктің келесі функциялары болады:

  • сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
  • экспорттық кредиттерді және инвестицияларды, сондай-ақ шикізаттық емес тауарлардың экспортын қаржыландыруға байланысты өзге де мәмілелерді ерікті сақтандыру және қайта сақтандыру;
  • экспорт алдындағы және экспорттық сауданы қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға беретін кредиттер және олар жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кезінде қаржы агентінің функцияларын орындау;
  • экспорттық мәмілелерді орындау шеңберінде кепілдік беру;
  • отандық шикізаттық емес тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • кәсіпкерлік субъектілеріне шикізаттық емес тауарларды экспортқа жылжытуда сервистік-ақпараттық қолдау көрсету;
  • шетелдік өкілдер, өкілдіктер арқылы отандық шикізаттық емес тауарларды шетелдік сатып алушыларды іздеу және тарту;
  • экспорттаушыларға шетелдік контрагенттермен дауларды реттеу бойынша қызметтер көрсету.

Заң жобасында экспорттық-кредиттік агенттікке кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруға және операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

Құжат 22 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар