Әлем • 09 Қыркүйек, 2022

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі туын түсірді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі Нұр-Сұлтандағы туын түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz елшіліктің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі туын түсірді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның қайтыс болуына байланысты корольдік отбасына және Біріккен Корольдік пен достастық халқына қайғырып көңіл айтты.

«Патшайым II Елизавета көптеген американдықтар үшін шабыт көзі болды және өзінің көшбасшылығының арқасында жақын американдық-британдық альянсты нығайтты», делінген елшілік хабарламасында.

Еске сала кетсек, 8 қыркүйекте патшайым II Елизавета Балморал қамалында 96 жасында қайтыс болды.

III Карл есімін алған патшайымың ұлы Чарльз 10 қыркүйек күні Ұлыбритания королі деп жарияланады.