Теннис • 09 Қыркүйек, 2022

Тимофей Скатов Севильядағы турнирдің жартылай финалына шықты

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ширек финалда ол Ежи Яновичті 6:3, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов Севильядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ежи Янович бір кездері «Уимблдон-2013» жартылай финалында ойнап, болашақ чемпион Энди Маррейгеннен жеңілген еді. Сондай-ақ ол Польша ұлттық құрамасының құрамында Хопман Кубогын иеленген теннисші.

Осындай мықтыны жеңген отандасымыз жарыстың жартылай финалында турнирдің бірінші ракеткасы испандық Бернабе Сапата Миральеспен (79 ATP) кездеседі.