Әлем • 09 Қыркүйек, 2022

Анталья жағалауында 21 заңсыз мигрант құтқарылды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның жағалау күзеті Анталья провинциясының Қас аймағында 21 заңсыз мигрантты құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анталья жағалауында 21 заңсыз мигрант құтқарылды

Қозғалтқышы істен шыққан кемеден «SOS» апат сигналын алғаннан кейін Жағалау күзетіне тиесілі қайықтар Патара жағалауына жөнелтілді.

Су көлігінде 17 Сирия азаматы, 3 Палестина азаматы және бір Йемен азаматы болған. Мигранттар Грекияның Родос аралына заңсыз өтпек болған.

Тиісті рәсімдер аяқталған соң заңсыз мигранттар аймақтық көші-қон департаментіне жеткізілген.