Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022

Балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттар саны азаяды

1630 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттар саны азаяды

«Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босату міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» заң осы бағытта қажетті нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстың шеңберінде балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойдым», деп жазды министр.

Оның айтуынша, 2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруы қатаң шектелген. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат ғана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары.

«Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңыздылығын түсінуге қатысты болды», деп жазды Асхат Аймағамбетов фейсбуктегі парақшасында.

Енді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мынадай құжаттарды ғана толтырады:

1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);

2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);

3) диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижелері бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттілігіне қарай толтырылып, жүргізіледі.

Енді мектепке дейінгі білім беру деңгейі бойынша министрлік айқындаған нақты тізбе бар. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап етуге жауапкершілік қарастырылған және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатын органдар да бар.

Осы ретте Оқу-ағарту министрі жауапкершілікке тарту кімнің құзырында болатынын түсіндіріп берді.

Педагогтерден шектен тыс есепті немесе қызметтік міндеттеріне жатпайтын ақпаратты талап ету фактілері бойынша өтініш түскен кезде Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері құқық бұзғаны үшін жоспардан тыс тексеруді ҚСжАЕК органдарында тіркейді және оны білім беру ұйымына барып немесе бармай-ақ жүргізеді.

Құқық бұзу фактісін дәлелдейтін материалдар:

- жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру бланкілерінің көшірмелері және педагогтен есеп беруді немесе ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген мәліметтерді талап етуді растайтын басқа да материалдар.

«Егер құқық бұзушылыққа алғаш рет жол берген адам өз кінәсін мойындаса, комитет және аумақтық орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, кінәлі адамға ескерту туралы қаулы шығарады. Ал адам қайтадан құқық бұзса, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

Әкімшілік айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейін. Мектеп пен балабақша педагогтеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған талаптар сақталуға тиіс. Әріптестерімнен дер кезінде тиісті шара қабылдау үшін осындай фактілер болған жағдайда ол туралы хабарлауын сұраймын», деп жазды А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр бұған дейін жауапты тұлғалар заң бұзғаны, артық есепті және басқа да құжаттарды талап еткені үшін жауапқа тартылғанын еске салды.

«Білім беру ұйымдарының басшыларынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеуді сұраймын», делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025