Коронавирус • 09 Қыркүйек, 2022

ДДҰ QazVac-ты қашан тіркейді?

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық QazVac вакцинасын қашан тіркейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ QazVac-ты қашан тіркейді?

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына отандық вакцинаны тіркеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Вакциналарды сертификаттауға халықаралық талаптар бар. Биыл ДДҰ онлайн-аудит жұмыстарын өткізді. Күзде ұйымның бүкіл миссиясы Қазақстанға келіп, вакцинаның қалай өндірілетінін көру керек», деп түсіндірді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстан ДДҰ берген ұсыныстарды ұстанып келеді.

«Келесі миссияны күтеміз. Біздің барлық рәсімдеріміз халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігі бізге байланысты», деп толықтырды Ажар Ғиният.