Коронавирус • 10 Қыркүйек, 2022

Елімізде 16 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 16 147 адам коронавирустан ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде 16 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Ем қабылдап жатқандар арасында коронавирустық инфекция (КВИ+) расталған 15 906 адам, ковид пневмониясы (КВИ-) бар 241 науқас бар. Оның ішінде 338 науқас стационарда, 15 809 науқас амбулаторлық деңгейде.

КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде: ауыр жағдайда – 12 науқас, өте ауыр жағдайда – 4 науқас, жасанды тыныс алу аппаратында – 5 науқас.