Әлем • 10 Қыркүйек, 2022

III Карл ресми түрде Ұлыбритания монархы болды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

III Карл Мұрагерлік кеңесінің шешімімен ресми түрде (бұрынғы Чарльз ханзада) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің монархы болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

III Карл ресми түрде Ұлыбритания монархы болды

Ресми құжатқа кезек бойынша тақ мұрагері, ханзада Уильям, патшайымның консорты Камилла, Қауымдар палатасының жетекшісі және Кеңестің лорд-президенті Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы дереу қол қойды.

Қайтыс болған патшайымды жоқтау ретінде жиналғандардың барлығы қара түсті киім киген.