Оқиға • 10 Қыркүйек, 2022

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Шу қаласында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

Оқиға 9 қыркүйек күні сағат 01:37 шамасында болған.

«Mercedes Benz көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесінің бойында үлкен жылдамдықпен келе жатып, 29 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Volkswagen Golf көлігінің артқы жағына соқтығысқан.  Қатты соққы салдарынан өртенген Volkswagen Golf көлігі ВАЗ-21150 көлігінің алдыңғы жағын соққан. Нәтижесінде Volkswagen Golf көлігінде отырған 21 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, 29 жастағы жүргізуші мен тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді», деді ведомстводан.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.