Қоғам • 10 Қыркүйек, 2022

Есірткі заттарын өткізу әрекетінің жолы кесілді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадал» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі заттарын өткізу әрекетінің жолы кесілді

«Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.

Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла»  атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.