Оқиға • 11 Қыркүйек, 2022

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Семей тұрғыны ұсталды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Семей тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Семей тұрғыны ұсталды

Күдікті  7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Карасора-2022» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары ҚР Ұлттық ұланы арнайы бөлімшесімен бірге аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

«Бұрын сотталмаған ер адамның тұрғылықты жеріне жүргізілген санкцияланған тінту барысында 3,5 келіден астам кептірілген марихуана және 168, 4 грамм гашиш табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», дейді департамент бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.