Елорда • 11 Қыркүйек, 2022

Елорда тұрғындарына мүлік салығын төлеу мерзімін еске салды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) қала тұрғындарына 2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын мерзімінде төлеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытында тапсыруы керек, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындарына мүлік салығын төлеу мерзімін еске салды

Мәселен, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқталады. Төлемді Мемлекеттік кірістер комитетінің e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (App Store және Play Market жүктеуге болады) немесе мобильді банктік қосымшалар арқылы жасауға болады. 

Мүлік және жер салықтары бойынша берешекті ҚР ҚМ МКК сайтында тексеруге болады (kgd.gov.kz), электрондық үкімет порталында (ЭҮП) немесе E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы ЖСН енгізу арқылы. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаментінде 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) электронды түрде ұсыну мерзімі туралы еске салды. Міндеттеме мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларында, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарда туындайды.