Бизнес • 12 Қыркүйек, 2022

Кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік шығаратын зауыттардың жұмысымен танысты.

Кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады

Eurasian Foods Corporation зауыты – Қазақстан мен Орта­лық Азия елдеріндегі тамақ өнер­кәсібінің ірі және маңызды кәсіпорындарының бірі. Өндіріс көлемі жылына 150 мың тоннадан астам өсімдік майын құрайды.

Серік Жұманғарин 3 мыңнан адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған зауытқа арнайы келіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енетін өсімдік майы және т.б. өнімдерін шығару процесімен танысты.

Сонымен қатар вице-премьер жұмыс сапары аясында қаланың кәсіп­керлерімен, тұрғындарымен кез­десу өткізді. Экспортқа ден қой­ғандар арасында мемлекет­тен тиісті көмек ала алмай жүргендер де болды. Бұл мәселені шешу мақсатында С.Жұманғарин Сау­­да министрлігіне қарасты Qaz­Trade сауда саясатын дамыту орта­лығына тиісті тапсырмалар берді.

«Экспорттаушыларды қол­даудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі – QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы арқылы қол­дау. Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге қатысты сіз­дерде алдағы уақытта пробле­ма болмас үшін түсіндірме жұмыс­тарын күшейтеміз», деді С.Жұ­ман­ғарин.

Вице-министр кездесуден бөлек азаматтарды жеке қабыл­дады. Көтерілген мәселелер арасында базарды жаңғырту, зардап шеккен бизнеске көмек көрсету және тағы басқа сұрақтар болды.