Орман өртінің таралу қаупіне байланысты 11 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт 6 қыркүйекте Пласер және Эль-Дорадо округтеріне жақын жерде тұтанған.
Калифорния өрт бақылау агенттігінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін өрт сөндірушілер өрттің тек 10 пайызын ғана локализациялай алған.
Өрт аймақтағы басқа елді мекендерге таралуы мүмкін. Өрт аймағынан эвакуацияланған мыңдаған тұрғын Сакраментодағы Сьерра колледжіне уақытша орналастырылды.