«12 қыркүйектен бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бұйрығымен Алматы халықаралық әуежайында профилактикалық іс-шараларды жүргізуге байланысты қауіпсіздік шаралары енгізілді. Халықаралық тіркеу залының алдына қосымша скрининг желісі орнатылды. Халықаралық рейстермен ұшатын барлық жолаушыларды әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ «Эйр Астана» жолаушыларды тексеру және тіркеу процедураларынан өту үшін Қазақстан әуежайларына алдын ала келуді сұрайды.
«Бұл Авиация әкімшілігінің бұйрығымен 2022 жылғы 12 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында қазақстандық әуежайларда күшейтілген қауіпсіздік шараларының енгізілуіне байланысты», деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.