Әлем • 13 Қыркүйек, 2022

Түркия II Елизаветаның жерлеу рәсіміне 1,5 млн гүл жібереді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімінде пайдалану үшін Түркиядан Ұлыбританияға кем дегенде 1,5 миллион гүл жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz hurriyet.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Түркия II Елизаветаның жерлеу рәсіміне 1,5 млн гүл жібереді

«Ұлыбритания тарапынан сұраныстың күрт артуы байқалады. Әдетте осы кезеңде біз британ нарығына апта сайын 600-700 мың гүл жібереміз, бірақ Елизавета патшайымды жер қойынына табыстау кезеңінде бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетеді деп есептеп отырмыз», деді Анадолы сәндік өсімдіктер мен өнімдерді экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Исмаил Йылмаз. 

Ол бірінші кезекте қалампырға сұраныс артқанын түсіндірді. Тіпті гүл жеткізуді тездету үшін дәстүрлі жүк көліктерінің орнына Ұлыбританияға әуе арқылы тасымалдана бастаған.

«Егер бірінші жағдайда жеткізу 7-8 күнге созылса, ұшақ арқылы жіберілген гүлдер келесі күні-ақ тапсырыс берушіге жетеді», деді Анталия тауар биржасы ассамблеясының мүшесі Селчук Челеби. 

Еске салсақ, 8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II  Елизавета 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оны жерлеу 19 қыркүйекке жоспарланған.