Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Қарағандыда 100-ден астам психотроптық препарат тәркіленді

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында есірткі заттарын әзірлеу, сақтау және сату фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда 100-ден астам психотроптық препарат тәркіленді

«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ҚР ҚК 297-бабы «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша қылмыстың 5 фактісін және 296-бабы «Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу, есірткі заттарын заңсыз пайдалану» бойынша 2 фактіні анықтады.

Мәселен, Қарағандыда облыстық ПД УПН қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады. Оның өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған түйіршік тәркіленді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 121,24 гр мефедрон екені анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізді.

ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу» бойынша 5 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің «Лицензиялау нормаларын бұзу» бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.

Жүргізілген іс-шаралар барысында Балқаш ПБ ОПН қызметкерлері өнеркәсіп объектілерінің бірін тексеруді жүзеге асырды. Онда қолданыстағы лицензиясыз прекурсорлармен жұмыс жүргізілгені анықталды. Нәтижесінде жалпы салмағы 8 келі прекурсор тәркіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша материал құрастырылды.

Сондай-ақ облыстық ПД қызметкерлері дәрілік заттарды дәрігерлік рецептсіз сатудың 8 фактісін анықтады. Осылайша, трамадол мен тропикамид препараттарының 100-ден астам данасы тәркіленді.

9 қыркүйекте Теміртау УП қызметкерлері заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысқан 28 жастағы қала тұрғынын әшкереледі. Ер адамнан 10 дана трамадол мен 10 ампула тропикамид тәркіленді. Анықталған әкімшілік фактілер бойынша материалдар Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданды.